Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлеріне ТЖ режимі бойынша call-орталыққа төрт күнде 200 астам қоңырау түсті

СҚО полицейлеріне ТЖ режимі бойынша call-орталыққа төрт күнде 200 астам қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері облыс орталығында төтенше жағдай режимі мәселелері бойынша call-орталық жұмыс істейтінін еске салады.

Петропавлда 8 (7152) 61-25-42 телефон нөміріне кез-келген уақытта қоңырау шалуға болады. 8-11 қаңтар аралығында осы нөмірге 225 қоңырау түсті. Оның 161-і блок бекеттерден өту мүмкіндігіне қатысты болды. Көбіне адамдарды жұмыс пен емделу үшін облыс орталығына өту мүмкіндігі алаңдатты. Тәртіп сақшылары ауылдықтарды сабырға шақырды: аталған себептер өту үшін негіз болып табылады, тек тиісті құжаттың болуы қажет. Қалған сұрақтар сауда объектілерінің, көңіл көтеру орындары мен спорт мекемелерінің коменданттық сағат кезіндегі жұмыс уақытына қатысты болды. 

– Облыс тұрғындары мен қонақтары шектеу шараларымен байланысты барлық мәселелер бойынша call-орталыққа қоңырау шалуына болады. Қызметкерлер толық консультация беруге дайын, — деді СҚО комендантының орынбасары Айдын Байматов.

Полицейлер күдікті адамдар, жасалған, дайындалып жатқан немесе жасалуы мүмкін қылмыстар туралы “102” арнасына, сондай-ақ тұрақты интернет-байланыстың арқасында жұмысы қалыпқа келтірілген “102” мобильді қосымшасына хабарлауға болатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру