Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері бұрын жасалған ауыр қылмысты ашты

Ақмола облысының полицейлері қарақшылыққа және зорлауға қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне 20 жастағы қыздан 2020 жылғы 29 қыркүйекте  таңғы сағат 07:30 шамасында Жамбыл және Садуақасов көшелерінің қиылысында белгісіз ер адамның пышақпен қорқытып, зорлағаны және «Samsung» маркалы ұялы телефонын тартып алғаны туралы арыз келіп түсті.

Ауыр қылмысты ашуға бағытталған  қарқынды жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде
14 қазанда осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Зеренді ауданының ауылдарының бірінен 30 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Ұсталған адамға қатысты  Қазақстан Республикасы ҚК  120-бабының 2-бөлігі  (Зорлау)  және 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру