Ақмола облысының полицейлері жүргізушілерге сақтық шаралары туралы ескертеді
Ақмола облысының полицейлері жүргізушілерге көлікті шаршаған күйде басқару қауіпті екенін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс полицейлері жүргізушілерге көлік құралдарын науқастанған және шаршаған күйде басқару қауіпті екенін ескертеді.
Шаршаңқылық күйі және науқастану адам назарын шоғырландыруды төмендетеді, жүргізушінің қауіпті жағдайларға реакциясы әлсірейді.
«Егер сіз шаршаңқылық, бас ауруы немесе жалпы әлсіздік сезінсеңіз, сапардан бас тартыңыз немесе көлікті бірнеше сағатқа тұраққа қойып, демалып алыңыз. Шаршаған немесе ұйқысыз адам мас жүргізуші сияқты қауіпті, – дейді полиция қызметкерлері.