Ақмола облысының ҚАЖД мекемелерінде дезинфекция жүргізіліп жатыр
Ақмола облысының ҚАЖД мекемелерінде індеттің алдын-алу мақсатында дезинфекция жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантин кезеңінде шектеу және алдын алу шаралары шеңберінде, ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің аумағы мен ғимараттарында вирустың таралуына жол бермеу және жеке құрамды қауіпсіздендіру үшін, облыстық департамент пен Көкшетау бақылау басқармасының қызметкерлері тұрғын аймақты, әкімшілік корпустарды және мекемелерге іргелес жатқан аумақты құрамында хлоры бар заттарды алып жүретін шашыратқыштарды қолдана отырып, ауқымды санитарлық-дезинфекциялық өңдеу жүргізеді.
– Біз бәрін өңдейміз, – дейді облыс мекемелері басшыларының бірі Нұрлан Әлібеков, – сотталғандардың дене температуралық режимі, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен жасақ бастықтарының үнемі бақылауында.
– Жасақтар арасында қозғалыс шектелді, – дейді ЕЦ – 166/18 мекемесінің бастығы Тимур Сәдуақасов, – сотталғандар, асханалар жасақ бойынша барады, барлық санитарлық-алдын алу шараларын сақтай отырып – дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үстелдерді, орындықтарды, едендерді өңдеу, бактерицидті шамдарды кварцтау.