ДДА жақтаушылардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті
Коронавирустық індеттің алғашқы толқыны аясында жасалған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігін, діндар адамдар өздерінің мақсатына пайдалануға шешім қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осылайша, ҰҚК мен ҚР ІІМ бірлескен іс-шаралары аясында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің Қазақстаннан жалпы соммасы 38 миллион теңге болатын медициналық маскалардың ірі партиясын контрабандалық жолмен алып өту әрекетінің жолын кесілді. Ұсталғандардың барлығы – бұрын ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары.
Қорғаныс маскаларын, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз уақытында қазақстандық дәріханаларды қамтамасыз еткісі келген отандық және шетелдік кәсіпкерлерді бопсалау және алдау арқылы алған. Заңға бағынатын кейбір азаматтар өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің орбитасына осы танымал өнімге қатысты және қауіп-қатер арқылы шетелдік сатып алушыларды іздеумен айналысты.
Бір қызығы, қылмыстық топтың мүшелері алған қаражаттарын күнделікті нанына емес, қымбат көліктер мен брендті заттарды сатып алуға, мейрамханаларға баруға және «сәтті» өмірдің басқа да атрибуттарын қанағаттандыруға жұмсаған.
Басталған қылмыстық іс аясында деструктивті ағымдарды жақтаушылардың үшеуі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.