Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғынының атына 172 мың теңге несие ресімдеген күдікті анықталды

Ақмола облысының тұрғынының атына 172 мың теңге несие ресімдеген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері тұлғаның жеке деректері әрқашан алаяқтарды қызықтыратын мәліметтер болып саналатынын ескертеді. Осыған орай, полицейлер ешқашан бөгде адамдарға құпия сөздерді, логиндерді, кодтар мен ЖСН, жеке куәлік пен паспорт нөмірлерін,сондай-ақ төлем картасының деректемелерін бермеуге кеңес береді. Себебі бүгінгі күні алаяқтардың құрығына түсіп, алданып жатқан жандар жетерлік.

24 маусым күні облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны Көкшетау қаласындағы полиция басқармасына өтініш жазған. Ақмолалық қыздың айтуынша, микронесиелік ұйымдардың бірінде белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атына 172 мың теңге көлемінде несие ресімдеген.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті тұлғаны анықтады. Қазіргі уақытта оның орын алған алаяқтыққа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бастапқы тексеу іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған күдікті тұлғада жәбірленушіге қатысты жеке деректердің бар екендігі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру