Ақмола полицейлері 100-ге жуық жабайы құстың ұшасын тасымалдаған жүргізушіні қолға түсірді
Ақмола полицейлері жүзге жуық жабайы құстың ұшасын тасымалдаған жүргізушіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 мамырда кешкі сағат 19.00 шамасында Ақмола облысы ПД ППБ Тұлпар-9 автопатруль экипажы жол қозғалысын бақылауды жүзеге асыру кезінде Нұр-сұлтан – Петропавл автожолының 230 шақырымында сыртқы жарық шамдарының ақауы бар Газ көлігін тоқтатты.
Экипаж құрамында Ақмола облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторлары Нұржан Жабин және Темірлан Тілегенов болды. Көлік тізгінінде отырған елорданың 39 жастағы тұрғыны полицейлерден сыртқы шамдарды жөнге келтіру туралы ескерту алып, оларды жөндей бастады.
Көлік тіркемесін тексеру кезінде жабайы үйректің 92 ұшасы және жабайы қаздың төрт ұшасы анықталды. Тергеу бөлімі бұл фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша енгізді. Сараптама тағайындалды.