Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 55 жастағы тұрғынға оқ атқан күдіктіні ұстады

Ақмола облысы ПД қызметкерлері Целиноград ауданы Максимовка ауылында Біржан сал ауданының тұрғынына қатысты кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Біржан сал аудандық ПБ кезекші бөліміне жылқы өсірумен айналысатын жергілікті ЖШС-нің 55 жастағы директорынан жасалған қылмыс туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

ЖШС аумағында болған кезде күдікті 55 жастағы жергілікті тұрғынға қарай анықталмаған мылтықтан оқ атқаны анықталды, ол аудандық ауруханаға «оң аяғының жамбас аймағында, сол қолының білезік аймағында атыс жарақаты» диагнозымен жеткізілді.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол осы ЖШС бақташысы, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ІІО жедел есептерде тұрған 26 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты.

Қаскүнем жол-жөнекей автокөліктермен қылмыс жасалған жерден қашып, елорда маңындағы елді мекенге Талапкер ауылына дейін жетіп, Целиноград ауданының Максимовка ауылына жаяу барған, оны Біржан сал ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру