Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД алаяқтық үшін ұсталған бұрынғы екі полиция қызметкеріне қатысты сот үкімін онлайн режимде тыңдады

СҚО Полиция департаментінде алаяқтық үшін ұсталған бұрынғы екі полиция қызметкеріне қатысты сот үкімін онлайн режимде тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлердің бұрынғы жұмыс орны бойынша ашық сот отырыстарын онлайн режимінде өткізу тәжірибесін қайта бастады. Бұл шара ең күшті психологиялық фактор болып табылады және де қызметкерлердің тәртібі мен сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге тиімді әсер етеді.

12 қазанда қылмыстық істер жөніндегі Петропавл қалалық сотының алаяқтық жолмен ақша бопсалады деп айыпталған бұрынғы екі полиция қызметкеріне қатысты үкімін Солтүстік Қазақстан облысы полициясының жеке құрамы онлайн режимде тыңдады. СҚО ПД басшылығының бастамасымен сот залына бейне байланыс режимінде қатардағы инспекторлар, олардың командирлері, сондай-ақ СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің өкілдері қосылды.

Петропавл қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының екі полиция қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмысын Солтүстік Қазақстан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір айында ашты. Бұрынғы патрульдік қызметкерлер алаяқтық жолмен ақша бопсалаған. Тергеу реттілігі бойынша қылмыстық істі тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жіберілді. 12 қазанда соттың үкімімен патрульдік полицейлер ұрланған соманың он еселенген мөлшерінде айыппұл немесе әрқайсысына 1,5 млн. теңге төлеу түріндегі жазаға тартылды. Олар өмір бойы тиісті органдарда лауазымға тұру құқығынан айырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев бұл екі қызметкердің шілдеде жұмыстан шығарылуынан бөлек, олардың бірқатар басшылары да жазаға тартылғанын баса айтты. Облыстық полицияның бастығы полиция қатарындағы сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қатысты қатаң ұстанымды еске салды. Ішкі істер органдары – бұл құқық қорғау органы, өзіндік қауіпсіздік құқық бұзушылықтарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты белсенді түрде анықтайды, осылайша оны сыбайлас жемқорлар мен бұзушылардан “тазартады”. Өз қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресу полиция қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады: СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу және анықтау бойынша күнделікті іс-шаралар жүргізеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тоғыз айдың ішінде сегіз полиция қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру