Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны қызын өлтірген қылмыскерді тапқан полицейлерге алғыс айтты

Павлодар облысының тұрғыны қызын өлтірген қылмыскерді тапқан полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Ирина Свириденко алғыс білдірді. Әйел Успен ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Асқар Аралбаевқа, аға тергеуші мақсат Дүйсембаевқа және аудан прокуроры Әсет Жүсіповке қызының өліміне қатысты тергеу жүргізіп, күдіктіні анықтағаны үшін алғысын білдіреді.

– Ағымдағы жылдың сәуір айында Константиновка ауылында жүкті қызымды өлтірді. Мен полицияға жүгіндім. Бұл істі тергеу барысында полицейлер қаза тапқан адам мен оның бірге тұратын адамы арасында жанжал болғанын, ер адам мас күйінде жүкті қызды тұншықтырғанын анықтады. Қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес кінәлі мамандандырылған ауданаралық сотпен 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық және қиын қызметіңізде сәттілік тілеймін, – деп жазды Ирина Свириденко.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру