Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасының аралық қорытындысын шығарды

Ақмола полицейлері «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасының аралық қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 26-28 шілде аралығында облыс аумағында «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткен кезеңде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған алаяқтықтың 13 фактісі ашылды.

19 мамырда Криминалдық полиция басқармасына 66 жастағы ақмолалық өтінішпен жүгінді. Белгісіз адам өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау жолымен және сенімін пайдалана отырып, зардап шегушінің 3,5 млн теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденген. Полицейлер күдіктіні анықтады, ол Солтүстік Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Астрахан ауданының 20 жастағы тұрғынының атына «Деньги Маркет» ЖШС МҚҰ-ға 60 мың теңге сомасына онлайн несие ресімдеген қаскүнемді анықтады.

Бурабай ауданының 18 жастағы тұрғынының атына «Тез бол» МКҰ-да онлайн-несие рәсімдеген тағы бір күдікті Щучинск қаласының аумағында анықталды.

Барлық фактілерге сәйкес ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру