Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері бірнеше велосипед ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

Ақмола полицейлері бірнеше велосипед ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты.

7 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 57 жастағы тұрғынының осы жылдың 5-6 сәуірі аралығында белгісіз адам подъезден Fattire маркалы велосипед ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Залал сомасы 50 мың теңгені құрады.


Ағымдағы жылдың 9 наурызында полицияға Көкшетау қаласының тұрғыны 8-9 наурыз аралығында құны 55 мың теңге болатын Соломон маркалы спорттық велосипед ұрлығын подъезден жасаған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны анықталды. Ұрланған велосипедті күдікті  қала базарларының бірінде сатқан.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақмолалықтың тағы екі велосипед ұрлығына қатысы бар екені анықталды, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру