Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері денсаулыққа ауыр зиян келтірген күдіктілерді ұстады

Ақмола полицейлері денсаулыққа ауыр зиян келтірген күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазанда ақмолалық полицейлер 30 жастағы жергілікті тұрғынның денсаулығына ауыр зиян келтірген күдіктілерді анықтап, ұстады. Жарақат алған адам ауруханаға “сол жақ кеуде қуысының артқы бетіне салынған пышақ жарақаты” диагнозымен келді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камераларының жазбаларының көмегімен және қылмыс жасалған жерде қалдырылған саусақ іздері бойынша полиция қызметкерлері бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, есірткіге тәуелді облыс орталығының 24 және 27 жастағы екі тұрғынын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру