Ақмола полицейлері досының қомақты қаражатын ұрлап алған азаматты анықтады
Ақмола полицейлері досының қомақты қаражатын ұрлап алған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 мамыр күні Көкшетау қаласы ПБ кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғыннан 7 мамыр күні сағат 23:00 шамасында белгісіз тұлғалар 275 мың рубль (1 565 609 теңге) қаражатын ұрлап кеткені туралы өтініш келіп түсті.
Оқиға орнына келген жедел уәкілдер жәбірленуші ақшаны сөмкесінде сақтағанын анықтады. Қылмыс болған түні ер адам досымен алкоголь ішіп, ұйықтап қалғаны белгілі болды.
Тексеру барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар адамды анықтады.
Полиция бөлімі аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Ақшаның бір бөлігі жәбірленушіге қайтарылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.