Ақмола полицейлері мерекелер қарсаңында тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді
Ақмола полицейлері жаңа жылдық мерекелер қарсаңында тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері қандай кезде тыныштықты бұзуға тыйым салынатынын және бұл үшін алдағы 2023 жылы қандай айыппұл салынатынын еске салады. Тыныштықты бұзған азаматтарға жеке тұлғалар үшін 5-тен 10 АЕК-ке дейін немесе кәсіпкерлер үшін 20-дан 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл жағдайға уақытқа және басқа да көптеген факторларға байланысты.
Мәселен, ҚР ӘҚБтК 437-бабына сәйкес жұмыс күндері 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін тұрғын үйде және оның сыртында шу шығаратын, шұғыл қажеттілікпен байланысты емес, азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін жұмыстарды жүргізгені, сондай-ақ тұрғын үйлерде және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған.
Жеке тұлғалар үшін айыппұл 5 АЕК мөлшерінде көзделген, ол келер жылдан бастап 17 мың 250 теңгені құрайды, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 АЕК, яғни 69 мың теңге, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК, оның мөлшерін ескере отырып, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК – 345 мың теңге.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап Ақмола облысында сағат 23.00-ден кейін тыныштық режимін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.