Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ПД қызметкерлері мереке қарсаңында балаларға сый жасады

Абай облысының полицейлері жаңа жыл қарсаңында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің арманын орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл – балалардың армандары орындалатын ғажайып уақыт. Осының барлығы бала өміріне бей-жай қарамайтын, олардың бақыты бірінші орында тұратын адамдардың арқасында іске асырылады.

Абай облысы ПД Жедел-криминалистикалық, Тергеу, Анықтау басқармаларының басшылары “Тілектер шыршасы” қайырымдылық акциясына қатысты. Интернат ғимаратында өткізілген салтанатты шыршада полицейлер сыйлылыққа шырша алуды армандаған сәбилердің тілектерінің орындалуына себепші болды.

Полиция қызметкерлері балаларға шана, ал ересек балаларға тәтті сыйлар тарту етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру