Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлердің балаларына арналған жаңажылдық шырша ұйымдастырылды

Петропавлда полиция қызметкерлерінің балаларына арналған жаңажылдық шырша ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында қалалық полиция қызметкерлерінің балаларына арналған жаңажылдық іс-шара өтті. Балаларға арналған мереке қарсаңындағы іс-шара Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығы Жандос Мұқатов пен Сарайдың шығармашылық ұжымының бастамасымен ұйымдастырылды.

Қалалық ведомствоның бастығы кішкентай қонақтар мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтап, жаңа жыл жарқын сәттерге, қуанышқа толы болуына, алға қойған барлық мақсат пен армандарының орындалуына тілек білдірді.

Ертеңгілікке әр түрлі жастағы 100-ге жуық бала қатысты. Жаңажылдық іс-шара ертегі кейіпкерлерінің, Аяз ата мен Ақша қардың қатысуымен басталды. Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы кішкентай қонақтарға арналған ерекше жаңажылдық бағдарламаны тарту етті. Аяз ата мен Ақша қар балалардың тақпақтарын тыңдап, сыйлықтар үлестірді.

Осындай отбасылық іс-шаралар жеке құрам үшін аса маңызды: полицейлер барлық мерекелік іс-шара кезінде күшейтілген түрде қызмет атақарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру