Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері саяжайдағы ұрлық деректерін ашты

Ақмола полицейлері саяжайдағы ұрлық деректерін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 маусымында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекші тәулікте саяжайдағы ұрлықты ашты.

Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 66 жастағы тұрғыны өтініш білдірді. Ер адам ағымдағы жылдың 19 маусымында саяжай аумағынан белгісіз біреу қоршау үшін 11 металл тіректі ұрлағанын хабарлады.

Оқиға орнына кезекші жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері ықтимал куәгерлер мен көргендерді анықтау мақсатында азаматтарды аралап, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Басқа учаскенің иелері полицияға “Форфорист” саяжай кооперативінен металл қақпаның жоғалғаны туралы хабарлады. Тәртіп сақшылары 26 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынының қылмыс жасауға қатыстылығын анықтады.

Тінту барысында полиция ұрланған мүліктің көп бөлігін алып, заңды иелеріне қайтарып берді. Ұрлықтың екі фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру