Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да дүңгіршектен ішімдік пен темекі ұрлаған ер адам 3 жарым жылға сотталды

ШҚО-да дүңгіршектен ішімдік пен темекі ұрлаған ер адам үш жарым жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аягөз қаласында пробация қызметінде бас бостандығынан шектеу, шартты мерзімге, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, белгілі бір лауазымға орналасуға тыйым салу немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу түріндегі жаза түрлеріне сотталғандар есепте тұр.Пробация қызметкерлері сотталғандардың мінез-құлқын және соттың оларға жүктелген міндеттерін орындауын бақылау заңға сәйкес жүзеге асырылады.

– Пробация қызметі жұмысындағы басты мақсат – сотталушыға қылмыс жасамай, заң аясында абыроймен өмір сүре алатындығын көрсету және дәлелдеу. Алайда түзеу жолына түскісі келмейтін сотталушылар да кездеседі, – дейді пробация қызметінің бастығы Ермек Қалиев.

Бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған Аягөз қаласының 51 жастағы тұрғыны заңсыз әрекеттерді жасаған.

Аягөз ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні “ізін суытпай” дер кезінде анықтап, ұстаған. Ол теміржолдың станциясында орналасқан сауда дүңгіршектен алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін ұрлап кеткені анықталды. Жәбірленушіге 72 000 теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеп, жасаған қылмысына толықтай өкінді.

– Аягөз аудандық сотының шешімімен ер адам үш жыл алты айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Қазіргі уақытта ер адам пробация қызметінде есепте тұр және оны жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылуда, – деп қосты Ермек Қалиев.

Айта кету керек, Аягөз ауданының пробация қызметінде 119 сотталған тіркелген, оның ішінде есепте тұрғандардың 20% -ы бірнеше рет сотталған тұлғалар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру