Ақмола полицейлері туыстарының атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеген «келінді» анықтады
Ақмола полицейлері туыстарының атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеген «келінді» анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 шілде күні Атбасар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл тұрғынынан өтініш келіп түсті.
Ол белгісіз адам оған және оның келініне алаяқтық жолмен онлайн-микронесиелер рәсімдегенін хабарлады.
Жәбірленушінің өзі оған несие берілгенін қарызы жайлы хабарлама келгенде ғана білген. Осыдан кейін ол банкке жүгінді, мамандар ақпаратты растады, 2022 жылдың тамызында алынған несиенің жалпы сомасы 251 мың теңгені құрады. Әйел адам барлық жағдайларды анықтау үшін дереу полициядан көмек сұрады.
Аталған деректерга қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Жәбірленушінің бұрынғы келіні оны және өзінің абысынын телефонына суретке түсіріп, жұмыс үшін қажет екендігін алға тартқандығы оқиғаға қатысты мән-жайларды анықтау барысында белгілі болды.
Көп ұзамай полицейлер 30 жастағы бикешті анықтады. Оның осы құқық бұзушылыққа қатысының бары тексеріліп жатыр.
Осыған байланысты полицейлер кезекті рет барлық азаматтарға жүгінеді және күмәнді өтініштер бойынша жалғыз суретке түспеуді, жеке құжаттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.