Ақмола полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады
Ақмола полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 32 жастағы тұрғынынан 29 қарашаға қараған түні дүкеннен терезені қысып ашу арқылы кіріп, үш мың теңгеге азық-түлік пен ақша ұрлаған белгісіз адамға қатысты шара қолдану туралы өтініш келіп түсті.
Келтірілген залал сомасы 9800 теңгені құрады. 30 қараша күні сол дүкеннің сатушысынан белгісіз адам азық-түлік пен алкоголь өнімдерін ұрлағаны туралы екінші өтініш түсті.
Көкшетау қаласы ПБ ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Модуль 7» стационарлық бекетіне қызметке түскен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаскүнемді ұстады. Ол облыс орталығының уақытша жұмыс істемейтін 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.