Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында “Мал ұрлығы” ЖААІШ өтіп жатыр

Ұлытау облысында “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ұлытау облысы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар және облыстық тас жолдарға мал ұрлығының алдын алуға байланысты рейдтік іс-шаралар өтіп жатыр. Оның құрамында криминалдық полиция мен патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

– Өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта дәстүр бойынша күздік және соғым уақыты. Бұл кезде мал ұрлығы көбейу қаупі туындайды. Сол себепті мал ұрлығы қылмысының алдын алу, сондай-ақ осыған ұқсас қылмыстардың орын алуына жағдай жасайтын себептерді жою мақсатында, Ұлытау облысы аумағында 28 қарашадан бастап “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары мал ұрлығын болдырмау үшін малды қараусыз жібермеуге, мал қораларда қауіпсіздік шараларын күшейтуге, ал мал қолды болған жағдайда шұғыл полицияға хабар беруге кеңес береді, – деді Ұлытау облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Абуали Мнайдаров.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы ет сататын жерлерді және ет өнімдерін тасымалдап келе жатқан автокөліктерді тексеру барысында өнімдерге құжаттардың болуын, малдың ұрланған не болмаса өз малдары екенін анықтау бойынша тексерістер жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру