Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында мал ұрлаған күдікті анықталды

Маңғыстау облысында мал ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашадан 27 қарашаға қараған түні белгісіз адам Сайын-Шапағатов ауылдық округіндегі үй аулаларының бірінен бір ешкі малын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын мөлшері – 150 мың теңге.

“Мал ұрысы” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 28 қараша күні криминалдық полиция қызметкерлерімен 47 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған дерек Түпқараған ауданы полиция бөлімінде СДТБТ-да ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру