Ақмола полицейлері жоғалған Қосшы қаласының тұрғынын елордадан тапты
Ақмола полицейлері жоғалған Қосшы қаласының тұрғынын елордадан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қазанда сағат 15:05-те Целиноград аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы Қосшы қаласының із-түзсіз кеткен тұрғыны Сандуғаш Бекішованы Нұр-Сұлтан қаласының жеке секторында орналасқан үйлердің бірінен тапты, онда ол от жағушы болып жұмыс істеген.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда Целиноград ауданының полиция бөліміне Қосшы қаласының 38 жастағы тұрғыны әйелін іздеуге көмектесу туралы өтінішпен жүгінді. 19 қазанда әйел үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған.
Із-түзсіз жоғалғанды іздеуге Ақмола облысы Полиция департаментінің және аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы бағытталды. 12 күн ішінде жоғалған әйелді полиция, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеді. Қазір әйел үйде, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейді.