Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда үш жігіт өтіп бара жатқан адамды тонап кетті

Қарағандыда үш жігіт өтіп бара жатқан адамды тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 20 жастағы қала тұрғыны арызданған. Көпқабатты үйдің ауласынан өтіп бара жатқанда оған белгісіз біреулер шабуыл жасап, тонап кеткен. Құқық бұзушылар күш қолданып, арызданушының ұялы телефонын, екі сағаты мен қуаттандыру құрылғысын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 387 мың теңгені құрады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 18 жастағы үш жасты анықтап, ұстады. Олар қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру