Ақмола полицейлері жол қозғалысының қатысушыларын мұқият болуға шақырады
Ақмола полицейлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын мұқият болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйекте жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, Ақмола облысының барлық мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына сынып сағаттарын өткізеді.
Қаланың барлық жалпы білім беру мекемелерінде полиция қызметкерлері кіші және орта буын оқушыларымен жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы білімдерін бекіту бойынша дәрістер оқиды және профилактикалық әңгімелер жүргізеді.
Полиция сонымен қатар ата-аналардың өздері балаға жағымды үлгі болу үшін заңға бағынатын жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер болуы керек екенін еске салады.