Ақмола полицейлері жолда қалып қойған көпбалалы анаға үйге жетуге көмектесті
Ақмола полицейлері қатты қар жауған кезде Қараөткел кентінің тұрғынына үйге жетуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қаңтарда Атбасар АПБ патрульдік қызмет взводының қызметкерлері Целиноград ауданының аумағында қызметтік іссапарда болды.
Полиция қызметкерлері қозғалысты реттеп, Қараөткел кентінің аумағын патрульдеген болатын. Қардың көп түсуінен және ауа райының қолайсыздығынан, елді мекен жолдарында қар құрсаулары мен үйінділер пайда болғандықтан қозғалыс қиындады.
Осы уақытта полиция қызметкерлеріне қобалжыған жергілікті тұрғын хабарласып, оның таксиі қозғалыс қиындығына байланысты жолда қалып қойғанын, оны жұмыстан төрт баласы күтіп отырғанын екенін айтты.
М. Силкин, Б. Амзин, О. Көшербеков, А. Байсейітов сияқты полицейлер әйелді қар құрсауынан шығарып, көпбалалы ананы үйге жедел жеткізді.
Алғыс білдірген әйел оқиға туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жазып, полицейлерге ризашылығын білдірді.