Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлеріне “102” қосымшасы арқылы 34 өтініш келіп түсті

Ақмола полицейлеріне “102” қосымшасы арқылы 34 өтініш келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының тұрғындары белсенді азаматтық ұстанымды және түрлі құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті көрсетelt. Кейбір қала тұрғындары бейнелер түсіріп, кейін оны жұртшылыққа танымал әлеуметтік желілерге жібереді, басқалары Instagram – дағы полиция департаментінің тікелей аккаунтына хабарлама жазады, ал басқалары “police 102” мобильді қосымшасының көмегімен бұзушылықтар туралы хабарлайды. Ағымдағы жылдың басынан бастап “102” қосымшасы арқылы полицейлерге Көкшетау тұрғындарынан 34 өтініш келіп түсті.

“102” мобильді қосымшасы “Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің көп арнасы” жобасының бөлігі болып табылады, оның міндеті полицияны халыққа жақын әрі қолжетімді ету болып табылады.

Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы жасалған көп арналы жүйе. Егер бұрын полицияны тек “102” нөміріне қоңырау шалу арқылы шақыруға болатын болса, қазір оны мобильді қосымшаның көмегімен жасауға болады. Бұл жағдайда оператормен бейне қоңырау арқылы байланысуға немесе хабарлама жазуға болады. Қосымшаның артықшылықтарының бірі жеделдік болып табылады: ЖБО операторына қоңырау шалу кезінде қоңырау шалушының орналасқан жері көрсетіледі. Бұл оқиға орнына уақтылы және жедел көмек көрсету үшін жақын маңдағы автокөлік патрульін немесе жаяу полиция жасағын жіберуге мүмкіндік береді.

Мобильді қосымшада тегі, аты, әкесінің аты, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, толық тіркеуден өтуге болады. Бұл уақытты үнемдеу үшін: қолданба арқылы қол жеткізген кезде операторға деректеріңізді айтудың қажеті жоқ. Барлық ақпарат оператор мониторында көрсетіледі. Алайда, сіз қосымшаны анонимді түрде қолдана аласыз, оны смартфонға орнатып, тек геолокация функциясын қосасыз.

Оқиға куәгерлері оқиға орнынан фотосуреттер мен бейнелерді тікелей полицияға жібере алады.

Қосымшаны Android (Play market) және iOS (App Store) смартфондарына жүктей аласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру