«Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» науқаны аясында Қостанайда флешмоб өтті
«Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» науқаны аясында Қостанайда флешмоб өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайлық полицейлер мен оқушылар қала тұрғындарына жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
Б.Момышұлы атындағы №5 мектептің оқушылары Қостанайдың орталық алаңындағы патрульдік полиция батальонының инспекторларымен бірлесіп, қала тұрғындарына жадынамалар мен брошюралар табыстап, флешмоб өткізді.
– «Біз жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» республикалық акциясы аясында балалар мен ата-аналардың назарын жол қауіпсіздігі және балалардың жол-көлік жарақаттануы мәселелеріне аудару үшін оқушылармен бірлесіп іс-шара ұйымдастыруды ұйғардық, – деп атап өтті Қостанай қаласы полиция басқармасының қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аға инспекторы Әсем Ерденова.
Облыста балалардың қатысуымен 14 ЖКО орын алып, 15 кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Сондықтан жолдарда қауіпсіз мінез-құлықты сақтау өте маңызды.
– Флешмоб бұл жол қозғалысы қатысушыларына мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауды үндейді. Сыныптастарымызбен қаламызда ЖКО мүмкіндігінше аз болғанын қалаймыз, әсіресе балалардың қатысуымен. Бұл жаз мезгілінде өзекті, – деді акция қатысушысы Руслана Иноземцева.
Естеріңізге сала кетейік, 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында бүкіл ел бойынша «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»республикалық акциясы өтіп жатыр.