Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлеріне жолда қалған жүргізушілер алғыс айтты

Ақмола полицейлеріне жолда қалған жүргізушілер алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында бірнеше күн бойы ауа райы аязды болады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және температураның төмендеуіне байланысты оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер жолдардың мониторингі мен тексерілуін күшейтті.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Әлнұр Өмірзақов пен Ғани Абдуалиевке шетелдік көлік жүргізушісі алғыс сөздерімен бейнежазба жіберді. Осы жылдың 29 қарашасында сағат шамамен 01:00-де Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 153-шақырымында полицейлер Audi авариялық тоқтату сигналдары қосылған автокөлікті байқады. Көліктің салқындату жүйесінің құбыры жарылған.

Шетелдік көліктің жүргізушісі мен жолаушысы елордадан Павлодар қаласына бет алған. Ер адамдар көлікті өз бетімен жөндеуге тырысқан, бірақ әрекеттері нәтиже бермеген. Көлік сынғанын көрген тәртіп сақшылары жолда қалғандарға көмекке асықты. Полиция Ерейментау қаласына көлікті сүйреп апарған соң жолаушылар пойызбен жолға шығуға шешім қабылдады.

Облыстың патрульдік полиция батальонының “Тұлпар 16” экипажының қызметкерлері Игорь Калинкинге мен Мират Шаимовқа жүк көлігінің жүргізушісі алғысын білдірді. Daf автокөлігінің жүргізушісінің айтуынша, 27 қараша күні сағат шамамен 18:00-де Жақсы – Есіл – Бұзылық автожолының 41-шақырымында, Красивое ауылының жанында оның көлігі жүрмей қалған. Аккумулятор отырған, стартер істен шыққан, оның үстіне майы таусылған. Жүргізуші ақаулықты өздігінен жоя алмаған. Бақытқа орай, полиция қызметкерлері көмекке келді. Бұл уақытта жүргізуші қатты тоңып қалған болатын.

Полиция 50 жастағы жүргізушіні Есіл қаласына апарды. Онда ол май сатып алды. Ол сынған қосалқы бөлшекке Қостанай қаласындағы әріптестеріне тапсырыс берді. Жүк көлігінің жүргізушісі сапарын тек 29 қарашада жалғастыра алды. Екі тәулік ішінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізуші мен ол тасымалдайтын жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ер адам полицейлерге алғыс айтып, оларға зор денсаулық пен қызметте табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру