Ақмола тұрғыны қызын іздеп тауып берген полицейлерге алғысын айтты
Ақмолалық тұрғын қызын іздеп тауып берген полицейлерге алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 маусымда сағат 17:00 шамасында Бурабай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бурабай кентінде бүлдіршін қыздың жоғалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Болған оқиға туралы ақпарат және баланың белгілері полицияның барлық нарядтарына берілді. Бақытымызға орай, қыз бала өте тез табылды.
Сағат 19:00 шамасында Бурабай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторлары Аян Шарипов және Бағлан Жақсылықов Абылай хан алаңы маңындағы көшелерді патрульдеу кезінде жолдың жиегінде жалғыз жүрген 5 жастағы қызды байқайды. Тәртіп сақшылары баланы кенттік полиция бөліміне апарып, ата-анасына тапсырды. Оның әкесі түсіндіргендей, Бурабай кентіне олар отбасымен демалысқа келген, барлығы 3 отбасы. Ол баланы туыстарымен бірге жүр деп ойлаған. Қыз ойнап кетіп, жоғалып кеткен. Ол ата-анасы орналасқан үйді өз бетінше табуға тырысқан. Instagram-дағы direct ведомостволық парақшасына ақмолалық тұрғын алғыс сөздерін жазды.
– Полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында менің қызым тез табылды. Оларға үлкен рақмет, – делінген хабарламада.