Ақмола тұрғыны жанармай құю бекетінде жалған ақшамен есеп айырысқан
Ақмола тұрғыны жанармай құю бекетінде жалған ақшамен есеп айырысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қазанда Ақмола облысы Зеренді ауданының полиция бөліміне Зеренді ауылының 43 жастағы тұрғыны 6 қазанға қараған түні газ құю бекетінде белгісіз ер адам номиналы 20 мың теңге болатын кәдесый банкнотымен төлегені туралы өтінішпен жүгінді. Жанармай құю станциясының операторының сөздері бойынша, ол ақшаның жалған екенін тек бірнеше сағаттан кейін, атқарылған жұмыс туралы есеп дайындаған кезде ғана байқаған.
Жәбірленушінің айтуынша, сағат 01:00 шамасында жанармай құю станциясына BMW автокөлік келген. Жүргізуші 4300 тенгеге жанармай құйып, ірі банкотпен есеп айырысқан. Қалдық ақшаны алған ақмолалық станция қызметкеріне кеш уақытта мазалағаны үшін 6000 теңге беріп, жүріп кеткен. Банкноттың жалған екенін түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген. Станцияда орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеген полиция қызметкерлері қаскөйді «ізін суытпай» анықтады. Бұрын сотталмаған 43 жастағы Зеренді ауылының тұрғыны жасаған ісін мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол кәдесый банкноттарымен байланысты айланың қаншалықты өтетінін тексеруді көргісі келген.
Зеренді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.