Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғынынан қолдан жасалған қару мен оқ-дәрілер тәркіленді

Ақмола тұрғынынан қолдан жасалған қару мен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола ҚАЖД жедел қызметкерлері қамауда отырған сотталғандармен жұмыс барысында жедел ақпаратты алып, оны Ақмола облысының ПД-не нақтылау үшін жіберді.

ҚР ІІМ екі құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен жұмысы және жедел қызметкерлерінің өзара тығыз ынтымақтастығы нәтижесінде Жарқайың ауданының 45 жастағы тұрғынынан Тула қару зауыты шығарған екі тегіс ұңғылы оқпаны бар аңшы мылтығы және оқ-дәрілер тәркіленді. Ол қару негізінде кәсіптік және әуесқой аңшылыққа арналған. Енді ол қолдан жасалып, өзгертілгендіктен қылмыстық атыс қаруы санатына жатады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру