Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғымбаев: Коронавирустық пандемияға орай интернет саласындағы қылмыстар өсті

Коронавирустық пандемияға орай интернет саласындағы қылмыстар өсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онлайн-қызметтердің дамуына орай, интернетпен жасалатын алаяқтық екі есе көбейді.

Осы қылмыстардың нәтижесінде азаматтарға 67 млн. теңге шығын келді.

Осыған байланысты, ішкі істер министрлігі Киберқылмыспен күрес орталығының жұмысын күшейтті.

Тек осы қылмыстарды ашатын арнайы топтар құрылды.
Жауапкершілікке 450 адам тартылды.

Басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, алаяқтармен күресу үшін тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені шетелде жүріп, азаматтарды алдайтындар көбейді. Осы жылдың өзінде Ресей, Беларусь, Украина елдерінен Қазақстан азаматтарын алдаған үш мыңға жуық факт тіркелді.

Өкінішке орай, интернет арқылы алданып жатқан азаматтар өте көп.

Күнделікті телеарна мен газеттерде, әлеуметтік желілерде сақтық шаралары туралы материалдар берілуде.
Онлайн-сауда жасау кезінде азаматтар абай болуы қажет екенін ескертеміз.
Қазір Ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, азаматтардың жеке мүлкін қорғау үшін қадамдар жасалуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру