Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соққан ер адам жауапқа тартылды

Ақмола облысында азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соққан ер адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілдеде Бурабай АПБ полиция бөліміне Щучинск қаласының тұрғынының ҚР ҚК 191-бабы бойынша бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 33 жастағы жергілікті тұрғынның азаматтық некедегі жұбайына қатысты арызы келіп түсті.

8-9 шілде аралығында дебошир өзінің 5 айлық баласының анасына дене жарақатын салғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Бурабай АПБ ҚР ҚК 110-бабының 1-бөлігі (Азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кету керек, бұған дейін қаскүнем денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жеті рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 73/2-бабы бойынша екі әкімшілік материал Бурабай аудандық сотының өндірісінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру