Ақмолада бұрыш спрейін қолданған такси жүргізушісі ұсталды
Ақмолада бұрыш спрейін қолданған такси жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 шілдеде Степногорск қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясынан «көздің химиялық күйігі» диагнозымен науқасқа көмек көрсетілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Жәбірленушінің айтуынша, 68 жастағы жергілікті тұрғын 15 шілдеде автовокзал аумағында көлікпен адам тасумен айналысатын ер адам оның көзіне бұрыш спрейімен бірнеше рет шашқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Степногорск қаласының 52 жастағы тұрғыны болып шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар арасындағы келіспеушіліктің себебі жолаушыны кім тасымалдайтыны туралы даулы мәселе болған.
Тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.