Ақмолада ер адам түрмеге қырынуға арналған гельге телефондарды салып кіргізбек болды
Ақмолада ер адам түрмеге қырынуға арналған гельге телефондарды салып кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аса ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан 28 жастағы сотталғанға республиканың оңтүстік өңірінен бандероль келді. Әскерге бірге барған досы сотталғанның сүйікті Gillete қырынуға арналған гельін жіберіп, қуантқысы келген екен.
Колония қызметкерлері бұл ақпаратты тексеріп үлгерген, сол себепті “тосын сыйы” бар сәлемдемені күтіп тұрды.
Тексеру барысында Gillete қырынуға арналған гельдің ішінде шебер жасырылған екі ұялы телефон, әртүрлі ұялы байланыс операторларының 5 SIM-картасы, адаптерлері бар 4 флешка және 2 USB-кабель табылды.
Аталған факті бойынша қажетті материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін аумақтық ӨКМ-ге жолданды