Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол қозғалысы пайдаланушыларына 5 мыңнан астам брошюралар таратылды

Алматыда еріктілер мен қоғамдық полиция көмекшілері жол қозғалысы пайдаланушыларына 5 мыңнан астам брошюраларды таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” алдын алу іс-шарасы аясында қала жолдарына 250-ден астам полиция қызметкері, 30 ерікті, сондай-ақ 12 қоғамдық көмекші шықты.

– Бұл шара жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы көлік тәртібін жақсартуға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Көлік құралын мас күйінде басқару, қарсы қозғалыс ережелерін бұзу, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдері ережелерін бұзуды анықтауға баса назар аударамыз. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

ЖАІ аясында тәртіп сақшылары рейдтік алдын алу іс-шаралар жүргізді: көшелерде еріктілермен және қоғамдық полиция көмекшілерімен бірге брошюралар таратты. Барлығы 5 мың ақпараттық парақшалар таратылса, оның 2 мыңын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру