Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда автокөліктерден заттар ұрлаған екі жігіт ұсталды

Қарағандыда автокөліктерден заттар ұрлаған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері мүліктік қылмыстардың алдын алу мақсатында жедел іс-шаралар жүргізді. Тәртіп сақшылары көлік салонынан бірнеше ұрлық жасағанын мойындаған 18 жастағы жігітті ұстады. Жауап алу кезінде күдікті қылмысты 16 жастағы досымен бірге істегенін айтты.

Сонымен, бірнеше күн бұрын олар бір көліктің салонынан екі жәшік монтаждау көбігі, екінші көліктен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас тағы сегіз қылмысқа қатысы барын анықтады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру