Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада күзетші автотұрақтан көпір бағаналарын ұрлап кеткен

Ақмолада күзетші автотұрақтан көпір бағаналарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қыркүйекте Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 45 жастағы жергілікті тұрғын 1-3 қыркүйек аралығында автотұрақ аумағынан еркін кіру жолымен белгісіз тұлға 14 көпір бағанасын ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 600 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басы анықталды. Есіл қаласының 38 жастағы тұрғыны автотұрақта күзетші болып жұмыс істеген. Ауысымға түскен ер адам ұрлықты жасаған. Күдікті бағандарды металл қабылдау пунктіне тапсырған.

ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру