Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада сотталғанға шағын телефондарды қырынуға арналған көбіктің ішіне салып өткізбек болған

Ақмола қатаң режимдегі колониясына еліміздің оңтүстік өңірінің тұрғыны шағын гаджеттер мен аксессуарларды сәлемдемемен беріп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалық шақтың досы ауыр қылмысы үшін Ақмола қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатқан 38 жастағы сотталғанға шағын гаджеттері мен оларға керек-жарақтары бар сәлемдемені жіберген.

Ақмолалық ҚАЖД мекемесінің тексеру тобының қызметкерлері қамаудағыларға тыйым салынған заттарды беруге тырысқан осындай фактілермен бірнеше рет кездескен. Сондықтан тексеру мұқият жүргізіледі.

Қызметкерлер 13 келі сәлемдемені тексеру кезінде Gillette Series қырынуға арналған көбікке назар аударды. Диспенсерді басқан кезде ішінен кәдімгі көбік кетті, сырты зауыттық қаптамаға толығымен сәйкес, бірақ шайқағанда баллон әдеттегіден ауыр болып көрінді.

Оның ішін ашқан кезде целлофанға оралып, “көбікпен” құйылған 3 дана Samsung phone mini шағын телефоны, сондай-ақ оларға керек-жарақтар табылды.

Аталған факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін қажетті материалдар жиналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру