Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы қан тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қан тапсыру бойынша акцияларға қатыса отырып, бірнеше жыл қатарынан донор болып келеді. Өйткені күн сайын қан әртүрлі апаттарда, жарақаттан зардап шеккендерге, күрделі операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға қажет.

Өз кезегінде “Облыстық қан орталығының” мамандары СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамы еріктілер қатарынан табылғандары үшін қуанышты екенін жасырмады. Тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтеді. Себебі ауыр аурулары жоқ адамдар ғана донор бола алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру