Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 20-дан астам көлік аккумуляторын жымқырған қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысында 20-дан астам көлік аккумуляторын жымқырған қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулер КамАЗ жүк көлігінің төрт аккумуляторын ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен – жарты млн теңге.

Полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы қылмысты ашуға бірден бағытталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде Арыс қаласының төрт тұрғынынан құрылған қылмыстық топты ұстады. Күдікті ер адамдар Арыс және Ордабасы аудандарында орын алған аккумулятор ұрлығын жасаудың 21 жайтына қатысы бар екендіктері анықталды. Полицейлер күдіктілерден айғақты зат ретінде 20-дан астам ұрланған аккумуляторды тәркіледі.

Белгілі болғандай, күдіктілер әр жасалған қылмысқа жоспар түзіп, сол бойынша дайындалған. Олар өз көліктеріне жалған “ресейлік нөмірлерді” қойып, автокөліктерін ауыстырып, ұрлыққа кіріскен. Олар арнайы құрал-сайманның көмегімен аккумуляторларды оп-оңай ұрлап, кейін оларды Арыс қаласының тұрғынының біріне өткізген. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі бірнеше миллион теңгеге жуық.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру