Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы басталды

Ақмолада «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында жыл басынан бері балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 200 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама жасалды.

Полиция қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы барысында балалардың құқықтарын бұзу, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалу фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өңір аумағында ағымдағы жылдың 17-маусымынан басталып, 20 маусымына дейін жалғасады.

Іс-шара барысында алкогольді ішімдіктерді пайдаланатын, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жерде тұратын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтер жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру