Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзудың 1 514​ фактісі анықталды

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзудың 1 514​ фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 1 514​ фактісі анықталды

– Полиция қызметкерлері іс-шарада өткізілген 10 күннің ішінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың​ 1 514​ фактісін анықтап, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның ішінде​ шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған​ ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы бойынша 1 185​ шетелдікке әкімшілік шаралар алынды.

Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін сот шешімдерімен​ 61​ шетелдіктерді елден шығару жұмыстары ұйымдастырылып, оның ішінде 16 шетелдікті​ (15 Өзбекстан Республикасының азаматтары және бір Тәжікстан Республикасының азаматы)​ мәжбүрлі түрде қызметкерлердің бақылауымен Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы “Жібек жолы” бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылды.​

Оған қоса шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқан​ 329​ Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жеке басын анықтайтын құжаттарсыз жүрген​ 144​ ТМД елдерінің азаматтары қабылдау-тарату орнына тапсырылды.

Іс-шара барысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың​ екі​ фактісі анықталып, қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 394 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген​ үш адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру