Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жанармай құю бекетінің жанында көлік өртенді

Ақмолада жанармай құю бекетінің жанында көлік өртенді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамыр күні Щучинск қаласының тұрғыны аудандық орталықтың автожолында көлікпен жүріп келе жатты. Күтпеген жерден «Есіл» автожанармай құю станциясының жанында қала тұрғынының автокөлігінің капотының астынан өрт шыққан. Жүргізуші мен оның жолаушылары көліктен шығып, өрт сөндіргіштерді іздеуге асықты.

Бақытымызға орай, дәл осы уақытта Бурабай АПБ патрульдік полициясы ротасының қызметкері сержант Рустам Кенжебаев ілеспе бағытта келе жатты. Полицей өрт шыққан көлікті көріп, дереу сөндіруге асықты. Бірнеше минут ішінде сержант өртке оранған көлікті ауыздықтады.

Жүргізуші өзінің бейнеүндеуінде көмекке келген полиция қызметкеріне алғысын білдірді. Щучинск қаласының тұрғыны Қазақстанның игілігі үшін жанқиярлық қызмет атқарып жүрген полицейлерге ризашылығын білдірді.

– 23 жастағы Рустам Кенжебаев, патрульдік полиция ротасының қызметкері, 2019 жылдан бастап Ішкі істер органдарында қызмет етеді. 2021 жылы облыстық ППБ қызметінен Бурабай АПБ ППР-на ауыстырылды, – деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру