Ақмолада жол-көлік апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды
Ақмолада жол-көлік апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 23 мамырда сағат 23:58-де Целиноград АПБ кезекші бөліміне ПД патрульдік полиция ротасы қызметкерлерінен «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» автожолының 32 шақырымында NissanTeana маркалы автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласы бағытында қозғалып, рульді басқара алмай, жүріс бөлігіне орнатылған қисық сызықты брусқа соқтығысқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, 32 жастағы жолаушы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық ауруханасына «бастың жұмсақ тінінің соғылуы» диагнозымен жеткізілді, тексеруден кейін үйіне жіберілді.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 445-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық істі бастады.
Облыс полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолда абай болуды сұрайды.