Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында бала көне граната тауып алды

Солтүстік Қазақстан облысында бала көне граната тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінің 13 жастағы тұрғыны картоп салуға жер қазып жүріп, тот басқан, сопақша келген гранатаға ұқсайтын зат тауып алады. Баланың жанында анасы да болған. Анасының айтуымен бала көршісіне көрсеткен. Көршісі күдік туғызған затты көрген соң, сақтықпен қауіпсіз жерге қойып, өзі бірден полицияға қоңырау шалған.

Жарғыш техниктер келгенше, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сол жерді қоршауға алып, 500 метр радиустағы үйлердегі адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырды. Тауып алған зат арнайы контейнерге салынып, тексеріске жіберілді. Содан соң қауіпті зат әскери бөлімнің полигонында жойылады.

– Арнайы іс-шаралар барысында, бұл заттың қол гранатасы екені белгілі болды, – деп аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов хабарлады. – Бұл шамамен Бірінші дүниежүзілік және Азамат соғысы кезінде кең қолданған Миллс жарықшақ гранатасы. Сырты тот басқан, таңбасы жоқ. Тұтандырғышы болған жоқ, алайда ішіндегі жарылғыш зат қауіп төндіреді. Егер сіздер осындай жарғыш қаупі бар зат анықтаған болсаңыздар, қолмен ұстап көруге қатаң тыйым салынатынын естеріңізге саламыз. Шұғыл түрде полицияны шақыртып, қауіпсіз жерде ұстау жайлы шара қабылдау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру