Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта дүкен тонамақ болған ер адам ұсталды

Сәтбаевта дүкен тонамақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 мамырда Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейдтік шара өткізді. Тексеріс кезінде дүкен сатушысына шабуыл жасаған бұл 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кассадан төрт мың теңге және алты оттықты тартып алмақ болған. Бірақ учаскелік полиция қызметкерлерінің жедел араласуының арқасында қылмыскердің ойы іске аспады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру