Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұзақылық жасап, із-түзсіз жоғалған тұрғынды Петропавл полицейлері тапты

Бұзақылық жасап, із-түзсіз жоғалған тұрғынды Петропавл полицейлері тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері ерекше іздестіру іс-шараларын өткізді – олар іздеген адам қылмыскер ретінде әрі із-түзсіз жоғалған ретінде іздеуде болған. Петропавл қ. ПБ астана тұрғыны жүгінген. Жұмысы бойынша бауырымен біздің өңірге келген. Бір кезде 32 жастағы бауыры мазасызданып, жалдамалы пәтерден кетіп қалған. Жоғалғаны туралы арызды қабылдағаннан кейін, полицейлер бұл адамның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұзақылық жасағаны үшін негізді күдікті ретінде іздеуде екенін анықтады. Туысының айтуынша, жоғалған азамат біртүрлі болған және қаланы мүлде білмейді, сондықтан іздестіру іс-шараларын жүргізу қиындық тудырды. Бағдарлар барлық сыртқы қызметтерге жолданды.

– Артынан анықталғандай, ер адам жаяу қала сыртына шығып, кейін қайтып оралған, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары Думан Сабыржанов. – Тек үшінші күні іздестіру жұмысы табысты аяқталды. Вокзал маңындағы қызмет көрсететін аумағын тексеру барысында учаскелік полиция инспекторы бағдар бойынша іздеудегіні таниды.

Із-түзсіз жоғалған күдікті өтініш берушіге тапсырылды, ал іздестіру бастамашысы – Нұр-Сұлтан қ. ПД Сарыарқа ауданының полиция бөліміне – оның жүрген жері анықталғандығы жөнінде хабарлама жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру